5 өңірде жұмыссыздар саны артқан

2170

Биыл бірінші тоқсанда 75,7 мың жұмыссыз жас тіркелген.

5 өңірде жұмыссыздар саны артқан

Қазақстанда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі ресми түрде азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме.

Алайда бір жылдан аса уақыт жұмыс іздеп жүрген жастардың саны бірден 56%-ға артқан.

2021 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 15-28 жас аралығында 75,7 мың жұмыссыз жас тіркелген. Бұл өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 4,1%-ға, ал 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 1,2%-ға аз.

Биыл бірінші тоқсанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ға төмендеді. Өткен жылдың бірінші тоқсанында ол 3,8% болған. Оның ішінде қыздар арасында жұмыссыздық деңгейі – 4,3%, жігіттер арасында 3,2% болды. Қалаларда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға, ауылдарда 3%-ға жетті.

2020 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда 78,9 мың жұмыссыз жас тіркелді (қыздар мен жігіттер). Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға аз.

Елімізде жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматыда тұрады: 14,1 мың, бір жылда минус 10,6%. Сондай-ақ олардың үлесі Алматы облысында (8,5 мың адам, бір жылда плюс 11,1%) және Нұр-Сұлтанда (7,7 мың адам, плюс 36,1%) басым.

Қазақстаның 5 өңірінде жұмыссыздар саны артқан, ал 12 өңірде төмендеген. Олардың саны Ақтөбе (минус 35,4%, 1,8 мың адамға дейін), Қарағанды (минус 23,9%, 4,8 мың адамға дейін) және Солтүстік Қазақстан (минус 17,5%, 1,4 мың адамға дейін) облыстарында айтарлықтай азайған.

Бір айдан аз уақыт жұмыс іздейтіндер 21,2% немесе 16,1 мың адам, бір жылда минус 32,8%.

Жастардың 27,7%-ы 1-3 ай аралығында жұмыс іздейді: 21 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға аз. 

Сонымен қатар жұмыссыздардың тағы 23,2%-ы 3-6 ай аралығында жұмыс іздейді: 17,6 мың адам, бір жылда минус 8,2%.

Жарты жылдан бір жылға дейін жұмыс іздейтіндердің саны – 16,8% немесе 12,7 мың адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,4%-ға көп.

Бір жылдан аса уақыт жұмыс іздеп жүрген жігіттер мен қыздар саны бірден 55,5%-ға немесе 8,4 мың адамға өскен. Бұл Қазақстандағы жұмыссыз жастардың жалпы санының 11%-ы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу