5 өңірдегі өзендердің су деңгейі көтеріледі

441

Қазгидромет 1 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 өңірдегі өзендердің су деңгейі көтеріледі Фото: Qazaqstan.tv

"Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с жетеді.

"Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында1-3 ақпан аралығында жаңбыр және қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу