5 сәуірден бері 1500 мопед айыптұраққа қойылды

103

Қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы 4 мың мопед жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.  

5 сәуірден бері 1500 мопед айыптұраққа қойылды Фото: polisia.kz

Алматыда жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 1500 мопед айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Біз "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі аясында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Негізгі назар мопед жүргізушілеріне аударылған, себебі олар көбіне қарапайым жол ережелерін елемейді. Бұзушылықтар патруль кезінде, стационарлық бекеттерде және бейнебақылау көмегімен тіркеледі", – деді басқарма басшысы Серік Шұмаев.

Айыптұраққа қойылған мопедтердің көбісі жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын бұзған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу