5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады

219

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді. Бұл туралы ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн теңге", - деді спикер.

Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ғылыми конференция 9 қыркүйек күні өтеді. Ал этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу