Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік қонақтарды қазақтың қай тағамдары баурап алды

430

Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлерін ұлықтап, Ұлы даланың мәдени бай мұрасын көрсетті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік қонақтарды қазақтың қай тағамдары баурап алды Фото: ашық дереккөз

Отандық туроператорлардың сауалнамасы негізінде ойындарға келген қонақтардың есінде қалған ұлттық бес тағам таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

1. Ет

Үздік бестіктің көшбасшысы, әрине – ет (әр өңірде әртүрлі айтылады). Бұл дәстүрлі тағам қайнатылған ет пен дөңгелек етіп жайылып, төртбұрыш формада кесіліп, еттің сорпасына пісірілген қамырдан (жайма/кеспе) жасалады. Астың негізгі құрамына төрт түлік малдың (қой, сиыр, жылқы, түйе) еті кіреді. Әсіресе жылқы еті (қазы, шұжық, жал, жая) мерекелік дастарханның сәнін келтіреді. Шетелдік қонақтар бұл тағамның тіл үйіретін дәмін бағалады.

2. Бауырсақ

Бұл тағам әр қазақ дастарханында міндетті түрде болады. Шетелдік қонақтар қамырдан жасалып, майда қуырылған алтын түстес жұмсақ тағамның айрықша дәміне тәнті болды. Әсіресе шетелдік меймандар ши бауырсақты кәдесый ретінде көптеп сатып алды.

3. Қымыз

Бие сүтінен ашытылып дайындалған бұл сусынның қышқылтым дәмі мен емдік қасиеті туристердің қызығушылығын тудырды.

4. Құрт

Сүт өніміне жататын құрттың тұзды дәмі талайды таңдай қақтырды.

5. Шұбат

Үздік бестікті шұбат түйіндеді. Бұл – түйе сүтінен дайындалған қою сусын. Шұбат – түйе шаруашылығы дамыған Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірінде кеңінен танымал.

"Ұлттық тағамдарымыз – ас-ауқат қана емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәдени көпір. Гастрономиялық турлар шетелдік туристердің Қазақстанға жасаған сапарларының маңызды бөлігіне айналды", – деді Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ресми өкілі Айжан Жолдасбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу