5 шілдеден бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді

1027

Жолаушының аздығынан үш бірдей коммерциялық пойыз уақытша тоқтатылды.

5 шілдеден бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді

Еліміздегі карантин шараларына байланысты бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Жолаушының аздығынан үш бірдей коммерциялық пойыз уақытша тоқтатылды: Елордадан Атырау, Орал және Алматы бағытындағы жүрдек пойыздар.

Сондай-ақ, 5 шілде, яғни алдағы жексенбіден бастап әлеуметтік маңызы бар нөмірі 321 және 322-ші "Алматы – Сарыағаш" жолаушылар пойызы да тоқтатылмақ. Бұған қоса тағы төрт пойыздың қатынау жиілігі қысқарады.

Дәлірек айтсақ, енді №3 және №3 "Алматы – Нұр-Сұлтан", нөмірі №31 және №32 "Алматы - Павлодар", сондай-ақ, №67 және №68 "Нұр-Сұлтан - Өскемен" пойыздары күн сайын емес, күнара жүрмек. Ал №257 және №258 "Нұр-Сұлтан - Достық" пойызы аптасына 1 рет қана қатынамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу