5-сынып оқушысы қара жорға билейтін робот ойлап тапты

543

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

5-сынып оқушысы қара жорға билейтін робот ойлап тапты Фото: pixabay.com

Кентау қаласындағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы қара жорға билейтін робот жасап шығарды.

Аружан Смайл қаладағы Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады.

"Басты мақсатымыз – "Арқан тарту", "Көкпар", " Теңге алу" секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу",– деді жас өнертапқыштың тәлімгері Ақниет Елемесова.

Оқушының сөзінше, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан.

Ақпаратқа сәйкес, "Қара жорға" билейтін ерекше робот Наурыз мерекесінде көпшілікке ұсынылған. Жас өнертапқыш жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу