5 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді

338

Бірнеше өңірде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.  

5 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді Фото: istockphoto.com

Еліміздің бірнеше облысында найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында да күтіледі. Бұл өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанған. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысында күндіз шаңды дауыл, ал таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс өңірлерде ауа райы ыстық болады. Атырау облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа, Маңғыстау облысында 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу