5 және 6 қазан күндері референдумға дауыс беруге үгіттеуге тыйым салынады

295

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

5 және 6 қазан күндері референдумға дауыс беруге үгіттеуге тыйым салынады Фото: gov.kz

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі "Республикалық референдум туралы" Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес, референдум қарсаңындағы күні және референдум өткізілетін күні кез келген үгітке тыйым салынатынын еске салады.

5 және 6 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет желісінде және онлайн-платформаларда референдумға дауыс беруге үгіттеуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, бұл тыйымдар үгіт нышандары жоқ референдум туралы ақпараттық материалдарға қолданылмайды.

"Үгіт" ұғымының мәні мен мазмұнына сүйене отырып, сайлаушыларды референдумға шығарылған мәселеге "қарсы емес" немесе "қарсы" дауыс беруге итермелейтін материалдар үгіт материалдары ретінде қарастырылатын болады.

Референдумға бес күн қалғанда, оның ішінде "үнсіздік күні" мен дауыс беру күні, яғни 5 және 6 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, референдум нәтижелерінің болжамдарын, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді, референдум мәселесіне қарсы емес немесе оған қарсы дауыс беруді жариялауға жол берілмейді.

Жоғарыда көрсетілген тыйымдарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 102 және 120-баптарында әкімшілік жауаптылық көзделген.

Бұрын интернет-ресурстарда орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарда сақталуы мүмкін, оларды сайттың басты бетіне шығаруға тыйым салынады.

Жарнамалық баннерлерді, интернет-ресурстар мен телеарналардағы референдумға дейінгі күндерді санауды және т.б. қоса алғанда, референдумның күні, жүріс-тұрысының шарттары, дауыс беру тәртібі туралы бұрын орналастырылған ақпараттық материалдар бұрынғы орындарында қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу