Семейлік полицейлер бүлдіршінге қатысты қылмысқа күдікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды 24.kz.
21 қыркүйек күні қала тұрғыны 5 жасар баласына белгісіз біреудің сексуалды сипаттағы қорлық көрсеткені жөнінде арыз жазған. Бұл қылмысты ашу үшін жедел іздестіру шаралары қолға алынып, криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы бұрын сотталмаған тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу барысында ол қылмысын мойындаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу