5 жасар баланы сүндетке отырғызып, жарымжан еткен хирург сотталды

205

Сот дәрігерге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

5 жасар баланы сүндетке отырғызып, жарымжан еткен хирург сотталды Фото: istock

Павлодар қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша хирургке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылдың 23 тамызында хирург дәрігер жас баланы cүндетке отырғызған. Ота жасау кезінде ол абайсызда оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Баланың жыныс мүшесінің басының үштен бірі кесіліп қалған.

Сот дәрігерге пробациялық бақылау белгілеп, мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу