5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиілеген

411

Қазақстанда көкжөтел бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиілеген Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

14 жасқа дейінгі балалардың арасында көкжөтелдің 392 жағдайы тіркелді. Оның 90%-дан астамы 5 жасқа дейінгі балалар арасында байқалып отыр.

"Көкжөтел жағдайдарының көбеюі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Ол ауа тамшылары арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқаспен сөйлескенде таралады. Инфекцияның көзі – екпе алмаған балалар. Вакциналау – инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы. Жоспарлы екпені тұрғылықты мекенжай бойынша емханадан алуға болады", – деп жазды министрлік.

Алдымен балада жалпы суық тиюдің белгілері болады: мұрыннан су ағады, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады және бірнеше рет қайталанады. Ол асқынған жағдайда өкпенің қабынуы, мидың қабынуы секілді салдарға әкеледі.

Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Көкжөтелге қарсы екпе баланың 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында үш рет салынады. 1,5 және 6 жасар балаларға ревакциналау жүргізіледі.

Айта кетейік, республикада 2 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін аралас бес және алты компонентті вакциналар, 6 жастағы балалар үшін – Еуропада өндірілген үш компонентті вакцина (Санофи Пастер С.А., Франция) пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу