5 жастағы егіз қыз терезеден құлап кетті

669

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

5 жастағы егіз қыз терезеден құлап кетті

"27 шілде күні сағат 22.10-да Атырау облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Нұрсая ы/а үйдің 3-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 ж.т.егіз қыз балалар құлап кеткендері жөнінде хабарлады. Балалар ауыр хәлде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды", – деп жазылған хабарламада.

Басты себеп, әдеттегідей, оңай ашылатын терезе мен тордың болмауы.

ТЖД-ден москит торы ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын айтады.

"Бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды", – дейді департаменттен.

Терезеден құлаған балалардың 80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар.

* Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.

* Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, "желдету" режимінде де жұмыс істейді.

* Терезенің қасында балалармен онамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т.б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.

* Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.

* Жалюздің жіптері мен шынжырлар ілінбеуі керек. Олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.

* балкон терезесін жабу керек.

Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу