5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні

280

Еріктілер – бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. 

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні Фото: ortcome.kz

Бүгін – Дүниежүзілік еріктілер күні.1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 5 желтоқсанда экономикалық және әлеуметтік даму үшін халықаралық еріктілер күнін атап өтуді ұсынған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады.

Мәселен, мұндай адамдар қоғамдық аумақтарды тазалауға, әлеуметтік компаниялардың плакаттары мен кітапшаларын таратуға, туған қалаларына экскурсия жүргізуге, халықаралық спорттық шараларда аудармашылық қызметке дайын.

Сонымен қатар, еріктілер көбінесе балалар және қарттар үйіне қолғабыс етіп, апаттық жағайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу