5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,8%-ды құрайды

Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі. 

5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,8%-ды құрайды Фото: inbusiness.kz

Сенат депуттаттары елдің 2024 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заң жобасын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, болжамды қалыптастырудың негізіне мұнайдың бағасы барреліне 80 АҚШ доллары болғандағы базалық сценарий алынды.

"Болжам бойынша, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,3%-ды құрайды. Кейін 2026-2028 жылдары 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,8%-ды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу