5 жыл шенеуніктердің жалақысы өспейді – Президент

1500

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жалақысын өсіруге мараторий жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

5 жыл шенеуніктердің жалақысы өспейді – Президент

"...Кейбір шығындарды ескеру керек. Әсіресе, Үкімет мүшелері мен депутаттар, әкімдердің жалақысына қатысты. Өткен жылы қоғамда бұл мәселе талқыланған. Сондықтан жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жеткілікті деп ойлаймын. Менің ойымша, Үкімет мүшелері, облыс әкімдері мен депутаттарың жалақысын өсіруге 5 жылға мораторий жариялау керек. Бұл Мәжіліс депутаттары үшін жағымсыз жаңалық екенін түсінемін. Мұны сіздер түсінетін шығарсыздар. Экономика өсіміне байланысты әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қызметкерлерге жалақыны көтереміз", - деді Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу