5 жылда 7 млн көшет отырғызылады

810

Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы Атырау қаласы аумағынан 94 заңсыз қоқыс орны анықталды. 

5 жылда 7 млн көшет отырғызылады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәлімдеуінше, 39 қоқыс орны тазаланды, 42 қоқыс орны тазаланып жатыр деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жария болғандай, қалған 13 қоқыс орнының иесі анықталуда. 

"2020 жылы Атырау қаласында 484 тіркелмеген қоқыс орындары анықталып, барлығы жойылды", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Облыс басшысының айтуынша, өңірді көгалдандыру жұмысына басымдық беріледі. 

"Биыл 700 мыңға жуық екпе, 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы 5 жылда облыстың орман қоры жерлеріне 7 млн көшет, ал елдімекендерге 540 мың ағаш отырғызылады. Өңірдегі "Теңізшевройл", NCOC, АМӨЗ және "Ембімұнайгаз" сынды ірі мұнай-газ кәсіпорындарымен де көгалдандыру жұмыстарына қатысты келісім жасалды. Олар күзде  жұмыстарын бастайды", – деді  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу