5 жылда бір ұйымдастырылатын дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болып жатыр

1779

5 жылда бір ұйымдастырылатын дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болып жатыр

Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысуда. Биылғы басқосудың ерекшелігі - алдыңғы төрт құрылтайға қатыспаған ағайынды жинау. Олар әлемнің сегіз елінен келген. Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзербайжан және Молдовадан. Құрылтай бағдарламасының негізі - елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Мәні мен мағынасы зор дәстүрлі жиынға мемлекет басшысы төрағалық етеді. Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі - сыртта туып, жырақта өссе де қазақтығын жоғалтпаған жастар көптеп келген. Өйткені құрылтай аясында тұңғыш рет "Жастар рухани жаңғыруды қолдайды" атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтпек. Негізгі тақырыптан бөлек, əрине, қаймана қазақтың үмітін арқалай келген ағайынның ұсыныстары мен өтініштері тыңдалады.

Айта кетейік, мұндай жиын бес жылда бір рет өтеді. Сондықтан қордаланып қалған мәселелер түгел талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу