5 жылда елімізде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады

462

Президент өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында апат болғанын еске салды.

5 жылда елімізде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады Фото: inbusiness.kz

Оның сөзінше, бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы ел халқына арнаған Жолдауында.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де шешу қажет, деп жалғастырды ол. Оның айтуынша, бұл салада қолдан келгенше өз ресурстарымызға арқа сүйеген абзал.

"Басты міндет электр энергетикасы саласына жүктеледі. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады. Биыл Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің бірінші блогын қайта құру жұмыстары аяқталады. Бұрын ешқашан толық қуатын пайдаланып көрмеген станцияның 8 блогы түгел жұмыс істейтін болады. Қазір екінші ГРЭС-ті кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатыр, үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу