5 жылда қолма-қол емес транзакциялар 37 есе өсті

581

2022 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын кәсіпкерлер саны 508,5 мыңға дейін 2,1 еседен аса артты.  

5 жылда қолма-қол емес транзакциялар 37 есе өсті Фото: baq.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қабылданған жүйелі мемлекеттік шаралар мен қаржылық қызметтерді белсенді цифрландырудың нәтижесінде соңғы 5 жылда халықтың қолма-қол ақшасыз транзакциялары 37 есе өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау желісі айтарлықтай кеңейді – 2022 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын кәсіпкерлер саны 508,5 мыңға дейін 2,1 еседен аса артты", – деді бас банк басшысы.

Ұлттық Банк банкаралық комиссияларды оңтайландыру үшін Халықаралық төлем жүйесімен 2025 жылға дейін банкаралық комиссияларды 2 есеге кезең-кезеңмен төмендету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

"Ұлттық төлем жүйесінің сервистерін масштабтау, биометриялық сәйкестендіру инфрақұрылымын жаңғырту, Open API және Open Banking ашық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасады, бұл азаматтар мен бизнес үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Ғалымжан Пірматов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу