5 жылда шағын және орта кәсіпкерлер саны 4 млн-ға жетеді

865

Руслан Даленовтың айтуынша, шағын кәсіптің көптеп ашылуы 2025 жылға қарай өндіріс көлемін 35 трлн теңгеге ұлғайтады.

5 жылда шағын және орта кәсіпкерлер саны 4 млн-ға жетеді Фото: primeminister.kz

Алдағы 5 жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлер саны 4 млн-ға жетеді. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтың болжамы осындай, деп хабарлайды Atameken Business.

Былтырдың өзінде бұл салада нәпақасын тауып жүргендер 3,3 млн-ға жеткен. Оның 600 мыңы – алматылықтар. Нұр-Сұлтанда 363 мың адам жеке кәсібін ашқан. Бизнеске бейім үздік үштікке Алматы облысы кіріп отыр.

Министрдің айтуынша, шағын кәсіптің көптеп ашылуы 2025 жылға қарай өндіріс көлемін 35 трлн теңгеге ұлғайтады. Нәтижесінде жалпы ішкі өнімдегі оның үлесі 35 пайызға дейін жетеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы реформалар қабылданбақ. Атап айтқанда, "Бизнеске арналған Үкімет" пен "Ақылды реттеу құралы" іске қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу