5 жылда таза табысымыз 130 млрд теңге болады – Дәурен Керейбаев

775

"Самұрық-Қазына" трансформациялық жобалардың табысын жариялады.

5 жылда таза табысымыз 130 млрд теңге болады – Дәурен Керейбаев

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры  трансформациялық жобаларды пандемияға бейімдеу арқылы табысты 2018 жылғы деңгейде сақтап қалмақ.  Акционерлік қоғамның цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев алдағы бес жылға межелеп отырған болжамын да айтты.

"Пандемия жағдайы бізді қазіргі нақты ахуалға бейімделген жаңа жобалар іздеуге мәжүрлеп отыр. Қазір біздегі 6 портфельдік компанияның 149 жобасы мен шарасы бар. 2018 жылы осы компаниялар жүзеге асырған жобалардан 28,69 млрд теңге, 2019 жылы 69 млрд теңге таза пайда түсті. Ал биыл жылы  трансформациялық жобалардан 29 млрд теңге табамыз деген жоспар бар. 2020-2024 жылдар аралығында трансформациялау жобаларынан түсетін таза пайда 130 млрд теңгені құрауы керек", – деді Дәурен Керейбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу