5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізімі бекітілді

923

Жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын сақтауына мониторинг күшейтіледі.

 5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізімі бекітілді

2020 жылы Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Алматы қалаларында оңалту орталықтары салынбақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында айтты. 

"Мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесі пысықталып жатыр. Пилоттық режимде мүгедек азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. 5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізімі бекітілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетудің жол картасы жасалып жатыр. Жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын сақтауына мониторинг күшейтіледі", – деді Үкімет өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу