5 жылға сотталған Саркози апелляциялық сотқа шағымданбақ

227

Париж соты 70 жастағы Саркозиге қатысты үкімді бейсенбі күні жариялады.  

5 жылға сотталған Саркози апелляциялық сотқа шағымданбақ Фото: www.globallookpress.com

Францияның бес жылға сотталған экс-президенті Николя Саркози өзіне тағылған кінәні "саяси астары бар" деп атады, деп жазады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Ол аппеляциялық сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Бірақ Саркози сот залында тұтқындалған жоқ. Тәртіп бойынша Францияның бұрынғы лидері алдағы бір ай ішінде прокуратураға шақырылып, түрмеге қамалады.

Айта кетсек, Николя Саркози 2007 жылы өзінің сайлау науқанын қаржыландыру үшін Ливия диктаторы Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро заңсыз ақша алды деген айыппен сотталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу