5 жылға сотталған вайнерлер ерте босап шығуы мүмкін бе?

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді. 

5 жылға сотталған вайнерлер ерте босап шығуы мүмкін бе? Фото: @meirzhach_tv / @make_sakevich

Алматы қалалық соты қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан түскен апелляциялық шағымды қарауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған іс бойынша,  қалалық соттың баспасөз қызметі апелляциялық шағым қаралып жатқанын растады.

Еске сала кетсек, былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.

Аталған қылмысқа қатысы бар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу