50 директордың орны бос тұр

1043

Биыл қаңтар-ақпан айларында барлық типтегі білім беру мекемелеріне директор болуға үміткерлер тестілеуден өтті. 

50 директордың орны бос тұр

Павлодар облысындағы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында, балабақшалар мен мектептерде 50 директордың орны бос тұр. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мектеп директоры болу үшін тест тапсырған 65 адамның 41-і өткен. Биыл қаңтар-ақпан айларында барлық типтегі білім беру мекемелеріне директор болуға үміткерлер тестілеуден өтті. Бұдан кейін регламент бекітіліп, үміткердің кандидатурасы қамқоршылық кеңеспен келісіледі. Әрі қарай облыстық білім беру басқармасы басшысымен сұхбат өткеннен кейін ғана тағайындалады. 2019 жылдың көктемінде осы жаңа ережеге сәйкес білім беру мекемелерінің басшылары бекітіледі",– дейді Роза Ақанова.

Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Еркінбек Аязбаев үміткер тестілеуден өтпеген жағдайда бір айдан кейін қайтадан тапсыра алатынын айтады.

"Бұл жерде мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тәрізді хабарлама болмаса да ашық түрде аттестациядан өтуге болады. Алдағы уақытта педагогикалық оқу орындарының түлектеріне де тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі. Білім беру басқармасының жаңа формасындағы соңғы өзгерістерге байланысты қамқоршылық кеңестеріне мемлекеттік оқу мекемелерінің басшылары лауазымына үздік кандидаттарды тікелей таңдау өкілеттіктері берілген", – дейді Еркінбек Аязбаев.

Айта кетейік, өңірде білім беру жүйесі 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті, 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 421 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 172 балабақша және 249 шағын орталық бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу