50 елдімекенге газ жеткізіледі

1001

50 елдімекенге газ жеткізіледі

Ақмола облысының елдімекендеріне газ жүргізу 2023-2024 жылдары басталады. Бұл туралы "ҚазТрансГаз" Ақ-ның бас директоры Қанат Құрманалиев облыс әкімі Мәлік Мырзалинмен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды bnews.kz.

Қанат Құрманалиевтің айтуынша, келесі жылдан бастап елімізде "Сарыарқа" газ құбыры магистралінің құрылысы" жобасы басталады. Жобаның мақсаты – Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарын сенімді және үздіксіз газбен қамтамасыз ету. 2018-2030 жылдар аралығында газ құбыры магистралі "Қызылорда-Астана", "Астана-Көкшетау" және "Көкшетау-Петропавл" сызбанұсқасы бойынша жүргізіледі.

"Ақмола облысының аумағына табиғи газ шамамен 2023-2024 жылдары жіберіледі", - деп атап өтті Қанат Құрманалиев.

Оның айтуынша, аймақтағы жол маңында орналасқан 50 елдімекенге газ жеткізіледі. "Астана-Көкшетау" магистральді газ құбырының құрылысы 48,2 млрд теңге.

Облыс әкімінің айтуына қарағанда, аймаққа газ кіргізу өте маңызды стратегиялық мәселенің шешімі және аталған жобаның іске асуына жан-жақты ынтымақтастыққа дайын.

"Ақмола облысындағы "Сарыарқа" жобасын іске асыру елорда маңындағы аймақ үшін ең елеулі оқиғалардың бірі болмақ. Өйткені бұл тек газ беру емес, магистральді газ құбырының жанынан инфрақұрылымды, табиғи газды пайдалана отырып, жаңа өнеркәсіптерді дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ жылу құбырларының газға ауысуынан экономикалық тиімділікті арттыру", - деп қорытындылады Мырзалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу