Christie's аукцион үйі келесі айда "Алқызыл мұра" атты гауһартасты бәссаудаға шығарып, 50 миллион долларға сатуды көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандардың айтуынша, оңтүстікафрикалық Оппенгеймер әулетіне тиесілі асыл тас өте ерекше.
"Себебі салмағы 19 карат болатын асыл тастың тазалығы мен мөлдірлігі, бедері мен көлемі адамға керемет әсер қалдырады", - дейді олар.
Christie's аукцион үйінің өкілі Дэвид Уоррен мұндай гаухартасты соңғы 40 жылда алғаш рет кездестіріп отырғанын айтады.
"Алқызыл түсті гауһартас үшін 19 карат өте үлкен салмақ. Соңғы 250 жылда аукцион арқылы салмағы 10 караттан асатын осындай тек 4 асыл тас қана сатылды", - дейді Christie's аукцион үйінің өкілі Дэвид Уоррен.