50 млн теңге пара алды деп айыпталған Нұржан Әлтаевтың ісі жабық өтетін болды

309

Олар мені қамағылары келеді.

50 млн теңге пара алды деп айыпталған Нұржан Әлтаевтың ісі жабық өтетін болды Фото: Tengrinews.kz

Экс-депутат әрі экс-вице-министр Нұржан Әлтаев 50 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр. Мұны прокурорлар бүгін Астанада қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы кезінде жария етті. 

Тергеу мәліметінше, Әлтаев бұл соманы 2018-2020-шы жылдар аралығында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған тұста "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы болған Абылай Мырзахметтен алған. 

Нұржан Әлтаевқа 50 миллион теңге пара алды деген айып тағылғанымен ол мұнымен келіспейтінін мәлімдеді. Абылай Мырзахметов пен оның көмекшісі Қайрат Әміров өздеріне тағылған айыпты жеңілдету және жазадан құтылу үшін Әлтаевқа жала жауып отыр деп есептейтінін жеткізді. 

Айта кетерлігі сот процесі бұдан әрі қарай жабық өтетін болады. Бұған куәгер   Әміровтің әлдекімдердің қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтып, сотты жабық өткізуді сұрауы себеп. Осылайша бұған дейін бірнеше мәрте кейінге шегерілген сот ақыры жабық өтетін болды. Қорғаушылар оған қарсылық білдіріп,  Әміровті қорқытса, іс қозғасын,-деді. 

"Фонд коррупции деген телеграмда бір пост шықты анонимный. Сол мәліметті жіберді қысым көрсетіліп жатыр деп. Әлтаевтың ісі бойынша куәларға қысым көрсету басталды деп. Тергеу барысында ешкім ешқандай қысым көрсетпеді. Барлық куәлар жауап берген, олар сотқа қатысады ма, қатыспай ма? Енді соттың алдында сотты ашық, не жабық өткізердің алдында осындай пост шығады. Бүгін біз күткендей сот отырысын жабады", –– дейді Гүлшат Дүйсенова Н. Әлтаевтың адвокаты.

Сот тыңдалымында қорғаушылар өздерінің бірнеше талаптарын жеткізді. Мәселен, адвокаттар денсаулығындағы кінәратты, егде жастағы анасы мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеріп, сотталушыны үйқамаққа жіберуді өтінді. Әлтаевтың өзі сотқа таяқ ұстап келді. Ол тыңдалымда тағылған айыппен келіспейтінін, бұл істе саяси астар барын айтты. 

"Саяси, қоғамдық мәселелерді көтергенім үшін, саяси партия құрғаным үшін мені қамап отыр. Менің ойымша биліктің адамдары. Олар мені қамағылары келеді", – дейді айыпталушы Нұржан Әлтаев. 

Әлтаев бұл іске ірі адамдардың қатысы бар, және олар өзін түрмеге жабуға барын салады деп санайды. 

Еске салсақ, Нұржан Әлтаев 5 айдан бері қамауда отыр. Ол 7-ші маусымда "Атамекен" ұлттық палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің мүддесіне қызмет еткені үшін 135 мың доллар пара алды деген күдікпен қамауға алынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу