50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды

491

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды Фото: ҰҚК

2023 жылғы 17 мамырда "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу