50 мың теңгелік өтемақы төлеудің екінші толқыны басталды – Бақтияр Мәкен

1524

Нұр-Сұлтандағы 44 ардагерге 1 млн теңгелік өтемақы беріледі. 

50 мың теңгелік өтемақы төлеудің екінші толқыны басталды – Бақтияр Мәкен

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен "Біз біргеміз!" акциясының екінші толқыны басталғанын айтты.

"Нұр-Сұлтанда "Біз біргеміз!" акциясының аясында өтемақы төлеудің екінші толқыны жүріп жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша осындай акция өтіп жатқанын білесіздер. Осы акция аясында 28 073 отбасы көмекпен қамтылады. 19 наурыз бен 23 сәуір аралығында әлеуметтің әлсіз тобына жататын 14 478 отбасы  Nur Otan партиясы арқылы 50 мың теңге көлемінде өтемақы алды. Партия мен бизнесмендердің күшімен, ел жағдайына бейжай қарамайтын азаматтардың атсалысуымен 11 мыңнан астам азық-түлік себеті елге таратылды. Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай астаналық соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңгелік өтемақы төлеу басталды. Қазіргі таңда елордада 44 соғыс ардагері тұрады. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлері мен соғыста қайтыс болған майдангерлердің әйелдері,  ҰОС ардагеріне теңестірілгендер де бір уақытта ақшалай өтемақы алады", – деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу