50 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымданған

421

Елде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі өсіп отыр.

50 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымданған Фото: PA Wire / ТАСС

Жыл басынан бері 50 мыңнан астам қыз-келіншек полицияға шағымданған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

"Қазақстанның ХІ азаматтық форумы" қарсаңында ұйымдастырылған жиында қоғамдық институттармен тығыз байланыс орнату мәселелері қаралды. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту жайы пысықталды. Бүгінде ішкі істер органдары 270 бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан. Аталған ұйымдар жаңа заң жобаларын талқылауға да белсенді қатысады, деп мәлімдеді "Хабар 24". 

"Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа заң күшіне енген. Ол заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың барлығы ешқандай жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік іс қозғалады. Жәбірленушінің арыз жазудан бас тартуына байланысты ешқандай іс қозғалмай, бүкіл құқықбұзушылар жазасыз қалып жататын. Егер сандық мәлімет келтіретін болсақ, 60 пайыздан астамы жазасыз қалатын. Қазіргі таңда 92 пайыз құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу