50 үздік ғалымға 6 млн теңгеден сыйақы берілді

1173

"Үздік ғылыми қызметкер — 2021" сыйлығының қорытындысы белгілі болды. 

50 үздік ғалымға 6 млн теңгеден сыйақы берілді

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК, яғни 5 млн 834 мың теңге көлемінде куәлік пен сыйақы алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылы министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдары үшін сыйақы тағайындады. 

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 7 бағыт бойынша 575 өтінім келіп түсті. Конкурсқа қатысушылардың арасында жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары, әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік ғалымдары болды. Нәтижесінде Комиссия 6 ғылыми зерттеу институттары мен 16 жоғары оқу орынынан 50 ғалымға "Үздік ғылыми қызметкер-2021" сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.

Олардың арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рахметқажы Берсімбай, Ядролық физика институты филиалының жетекшісі Максим Здоровец, Қарағанды техникалық университетінің профессоры Аристотель Исагулов, Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры PhD докторы Қайрат Дәулетов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Қайсар Табынов және басқалар қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу