50 жолаушы вагоны сатып алынды

705

Елімізде жыл басынан бері темір жол көлігімен 137 млн тонна жүк тасымалданды.

50 жолаушы вагоны сатып алынды

Биылғы бірінші жарты жылдықта елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін байқалады. Өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 134 млн тонна болса, биыл алғашқы 6 айда 137 млн тоннаға жетіп, 2,2% өсім болды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында оң көрсеткішке қабылданған бірқатар шаралар ықпал еткендігі айтылған. Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталған.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында 50 жолаушы вагоны сатып алынған: Нұр-Сұлтан – Арқалық бағытына – 14 вагон, Атырау – Маңғыстау – 18, Алматы – Жезқазған – 10, Нұр-Сұлтан-Семей – 8 вагон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу