500-ден аса домбыра жасаған

1014

500-ден аса домбыра жасаған

Ақтаулық шебер Нұржан Мұсаев ата кәсіпті дәріптеп жүр. Он саусағынан өнер тамған ісмердің қолынан шыққан домбыраға батыс өңірлері күйшілерінің ықыласы ерекше. Нұрмұқан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының белді әртісі 500-ден аса ұлттық аспапты жасаған, деп хабарлайды 24.kz.

Қос ішекті домбыраның табиғи қалпын сақтап, шабытпен жасайтын еңбегі ескерусіз қалып жатқан жоқ. Биыл Атырауда өткен аймақтық "Үкілі домбыра" сайысында бас жүлдені жеңіп алды. Нұржан сахналық қойылымдарға дайындықтан қолы босаса, театр жертөлесіндегі шағын шеберханасына асығады. 15 жасынан бастаған ісі қазірде сүйікті кәсібіне айналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу