500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексерілді

904

Қызылорда облысында жүргізілген рейдтер кезінде карантин талаптарын бұзған 678 адам тіркелді.

500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексерілді

Соңғы бір тәулік ішінде мамандар 500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындарын тексеріп, 71 құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.  

"Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 414 әкімшілік іс қаралып, 213 тұрғынға айыппұл салынса, 149 адам қамауға алынып, 51-іне ескерту берілді. Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп, 2 қылмыстық іс сотқа жолданды",– деп жазылған хабарламада.

Облыс бойынша 35 бекет қойылыпты. Облыс аумағына кіретін автожолдарда тұрғындарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында үш санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқарып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу