500-ге жуық сауда нысанының 6-уы ғана өрт қауіпсіздігіне сай

737

500-ге жуық сауда нысанының 6-уы ғана өрт қауіпсіздігіне сай

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин кинотеатр мен ойын-сауық орындарын сауда орталықтарының төменгі қабатында орналастыру талабы бойынша түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Оны іске асыру үшін құрылыс саласындағы ережелер мен нормаларға өзгеріс енгізу керек. Президенттің нақты тапсырмасы бар. Енді, соның бәрін жасау қажет. Аталған мәселе құрылыс істері жөніндегі комитеттің (ҚР инвестициялық және министрлігінің құрлыс және тұрғын үй шаруашылық істері жөніндегі комитеті - авт) құзыретіне жатады. Нақты міндет бар. Соны орындайтын боламыз. Дегенмен, дәл қазір барлық сауда орталықтарының үстіңгі қабатындағы кинотетар мен ойын-сауық алаңдарын төменге түсіруге міндеттейміз деген сөз емес. Бұл талап жаңадан салынатын нысандарға қойылады", - деді Юрий Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі сауда нысандарына жүргізілген тексерістердің алдын ала нәтижесін жариялады. 500-ге жуық нысанның тек 6-уы ғана өрт қауіпсіздігіне толығымен сай болып шықты.

"Әрине, бұл - өкінішті жағдай. Жаратушы бізді үлкен трагедиядан аман алып қалды деуге болады. Әйтпесе, ол сауда орталықтарында адам шығыны болатын еді", - дейді Юрий Ильин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу