500-ге жуық түркістандық отбасы солтүстікке көшеді

871

Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

500-ге жуық түркістандық отбасы солтүстікке көшеді Фото: inform.kz

Сәуір айының 19-21 күндері Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге "Қоныс аудару" жәрмеңкесі өтті. Мақтаарал ауданында басталған жәрмеңке, Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман Сарыағаш, Келес, Сайрам, Ордабасы аудандарын аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

"3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр. Жалпы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2015-2022 жылдар аралығында облыстан 12 000 жуық адам қоныс аударған", - деді Нұржан Нұрашов.

Бұл бағытта биыл да республика бойынша 6727 квота бөлініп отыр. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленген. Бөлінген квота негізінде, жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу