500 көпқабатты үйдің 1900 кіреберісі дезинфекцияланды

989

Дезинфекциялық препараттар адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейді. 

500 көпқабатты үйдің 1900 кіреберісі дезинфекцияланды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын кешкі сағат 20:00-ден кейін далаға шықпауға шақырды. 

"Қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет. Көпқабатты үйлердің кіреберістерін дезинфекциялаған кезде азаматтардың үйлерінде отырғандары дұрыс. Дезинфекция кешкі сағат 20:00-ден кейін басталады", – деді шаһар басшысы. 

Оның сөзінше, бүгінге дейін 500 көпқабатты үйдің 1900 кіреберісі дезинфекцияланды.  

"Әр ауданда арна йы штаб құрылды. Аудандық штабты аудан әкімі, қалалық штабты өзім басқарамын. Біз ел азаматтарына үйде отыруға кеңес береміз. Мемлекеттік комиссияның отырысында осы аптада жұмысқа баруға шектеу қойылды. Қоғамда адам аз болған сайын, азаматтардың вирус жұқтыру тәуекелі төмендейді", – деді Алтай Көлгінов. 

Бұдан кейін қала әкімі дезинфекциялық препараттар адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. 

"Бұл препараттар қауіпті және адамдарға зиян келтіретін болса, қолданылмайтын еді. Препарат вирусқа қарсы қолданылады. Сондықтан халық оған жанаспау қажет екенін түсінуі тиіс. Жалпы алғанда бұл препарат қауіпсіз. Оның құрамында хлор бар", – деді Алтай Көлгінов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу