500 млрд теңге: БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салынады

483

Биыл "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ұзақ мерзімді облигацияларына зейнетақы қорының жалпы сомасы 500 млрд теңгеге дейінгі зейнетақы активтерін нарықтық шарттарда инвестициялау жоспарланып отыр.   

500 млрд теңге: БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салынады Фото: egemen.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, тартылған қаражат машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларға несие беруге жұмсалмақ.

"Қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі ҚР Үкіметі деңгейінде бақыланатын болады. Кредит тәуекелдері тұрғысынан "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға инвестиция салу қауіпсіз әрі бұл іс жүзінде ҚР Үкіметінің бақылауында болады. Холдингтің кредиттік рейтингі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингі деңгейінде және Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша тұрақты болжаммен "ВВВ" құрайды", - делінген хабарламада.

Ұлттық Банктің мәліметінше, БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде беріледі. Бұдан бөлек аталмыш инвестициялар зейнетақы қорының салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкелетін болады деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу