500 мың теңгеге қуыршақ: әлеуметтік желідегі хабарландырудың шындығы анықталды

275

Әлеуметтік желілерде құны 500 мың теңге тұратын қуыршақтың сатылымы туралы ақпарат тарады. 

500 мың теңгеге қуыршақ: әлеуметтік желідегі хабарландырудың шындығы анықталды Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Хабарландырудағы баға мен оның мазмұны әлеуметтік желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азаматтар қуыршақ сату туралы хабарландырудың астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.

"Хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адамның жариялағаны белгілі болды. Сонымен қатар оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екенін растайтын қандай да бір дерек анықталған жоқ. Осылайша, баланы сату туралы ақпарат расталмады. Жарияланымда нақты қуыршақ сату туралы айтылған", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу