500 мыңдық грантты "Bastau Бизнесті" оқымай-ақ алуға болады

1535

Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы мүшелеріне тағы бір жеңілдік ұсынылмақ.

500 мыңдық грантты "Bastau Бизнесті" оқымай-ақ алуға болады

Елімізде кей санаттағы азаматтар 200 АЕК немесе 505 мың теңгелік кәсіпкерлік грантты "Бизнес-бастау" бағдарламасын оқымай ала алады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осындай мәлімет айтты.

"Жалпы, елімізде шағын несие әртүрлі жағдайда беріліп жатыр. Шағын несие 2019 жылы 17 мың адамға берілді. 83 млрд теңге қарастырылған. Бұл жерде 8 мың АЭК – 20 миллион теңгеге дейін несие беру мүмкіндігі бар. Ол несие 5-7 жылға 6 пайыздық ставкамен беріледі. Бұл тетікті біздің азаматтар тиімді пайдаланып жатыр", – деген Біржан Нұрымбетов "Bastau Бизнес" бизнес бағдарламасы берілетін кәсіпкерлік гранттың кімдерге оқымай-ақ берілетінін атады.

"Біз көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың жұмыссыз жүрген азаматтарына кейбір жеңілдіктерді қарастырып жатырмыз. Біріншіден, несие беру мерзімі міндетті түрде 7 жылға ұзартылады. Сонымен бірге, пайыздық ставканы 6-дан 4 пайызға дейін төмендетіп отырмыз. Былтыр бізде гранттың екі түрі болды. Бірі 100 АЕК, екіншісі 200 АЕК көлемінде беріліп келді. Осы жылы грант сомасын 200 АЕК көлемінде қалдырып отырмыз. Бірақ, оны алу үшін міндетті түрде "Bastau Бизнес" бойынша оқып, сертификат алу керек болатын. Ол тәртіп қалады. Бірақ,  көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың жұмыссз жүрген азаматтарына жеңілдік қарастырып жатырмыз. Оларға міндетті түрде "Bastau Бизнес" бойынша оқу міндетті болмайды. Олармен әлеуметтік келісім жасалады", – деді министр.

Есімжан Нақтыбайұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу