500 мыңға жуық ресейлік азамат отандық банктерден шот ашқан

535

2023 жылы 1 наурыздағы жағдай бойынша 492 мың Ресей Федерациясының резиденті отандық банктерде шот ашты.  

500 мыңға жуық ресейлік азамат отандық банктерден шот ашқан Фото: abai.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ол шоттарда 1,4 трлн теңге ақша бар. Былтырғы 1 ақпанда бұл көрсеткіш 157 мың адамды құраған болатын. Сәйкесінше шоттағы қаражат 151 млрд теңгеден 1,4 трлн теңгеге артты. Ресейден ақша келіп жатса, еліміздің экономикасына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын", - деді Олжас Қизатов тілшінің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу