Белгілі продюсер, отандық әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"kair_n (ред. – Қайрат Нұртастың Instagram-дағы ресми парақшасы) парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып ақша салдырып, елдер нөмірмен шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің нағыз парақшадан көрмей, алданып ақша салмаңыздаршы. Қайрат елден ақша жинатпайды, сақ болыңыздар!" - деп жазды әншінің анасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу