505 кәсіпкер 17,1 миллиард теңге сомаға несие бойынша кепілдік алды

1056

505 кәсіпкер 17,1 миллиард теңге сомаға несие бойынша кепілдік алды

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылы "БЖК 2020" бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 49,1 млрд теңге бөлінгенін, олардың 30 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер арқылы бөлінгенін баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бірыңғай бағдарламаға қатысушылар 182,8 млрд теңге сомаға салық төледі, бірлескен өнім шығару 2,6 трлн теңгені құрады, 47,5 мың жұмыс орны сақталды және құрылды.

Ол 1 шілдедегі жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен 1 024 кәсіпкер өз жобаларын қаржыландыру жағдайын жақсарта алды. Арзандатылған несиелер сомасы 90,1 млрд теңгені құрады. Берілген субсидиялардың жалпы көлемі 17,5 млрд теңгені құрады.

505 кәсіпкер 17,1 млрд теңге сомаға несиелер бойынша кепілдік ала алды. Кепілдіктердің жалпы мөлшері 6,8 млрд теңгені құрады.

15 млрд теңге сомаға шағын және орта бизнес субъектілерінің 25 жобасына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді.

Жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 221,4 млн теңге сомаға 114 мемлекеттік грант берілді.

Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді-мекендерде мемлекеттік қолдауға ие болған күннен бастап 2 жыл өткеннен кейін салықтарды, өнім шығаруды және жұмыс орындарының санын 10%-ға арттыруды қамтамасыз етуге қабілетті кәсіпкерлердің жобалары қаржылай қолдауға ие бола алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу