Шұғыл штаб тағы 51 адамның коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Шымкент қаласында – 4, Атырау облысында – 13, Алматы облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 9, Павлодар облысында – 3, Маңғыстау облысында – 10, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында 3 адам дертінен айықты.
Осымен Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3649-ға жетті.
Фото: "Санкт-Петербург" телеарнасы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу