51 елде 66 сайлау учаскесі бар

582

Шет мемлекетте жүрген республика азаматтары да дауыс бере алады. 

51 елде 66 сайлау учаскесі бар

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров онлайн брифингте шет мемлекетке іс сапармен жүрген ел азаматтары туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, сайлаушылар тізіміне шетелде тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарда жүрген әрі республика азаматы енгізіледі. 

"Шет мемлекетке жеке шаруалары бойынша қызметтік, іскерлік және туристік сапарға кеткен республика азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болса, сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Қазіргі кезде 51 елде 66 учаске бар", – деді Константин Петров.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу