51 миллион теңге қарызы бар компания басшысы іздеуде жүр

1001

 51 миллион теңге қарызы бар компания басшысы іздеуде жүр

2013 жылы Қазақстандағы жалақы қарызы 1,1 млрд теңгені құраған. 2018 жылдың 12 ақпандағы дерек бойынша жалақы қарызы 449 млн теңгеге дейін азайыпты. Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Жалақының уақытылы төленбеуі еңбек ереуілдеріне алып келетіні белгілі. Бұл ретте, 2011 жылы республика бойынша 28 ереуіл өтті. Ал 2018 жылдың І-тоқсанында бір ғана ереуіл ұйымдастырылды. Яғни, осыдан біршама уақыт бұрын Астанадағы Абу Даби Плаза жұмысшыларына қатысты жағдай еңбек ереуілі болып тіркелді", – деді Төлеген Оспанқұлов. 
Оның айтуынша, бүгінде 27 кәсіпорын жұмысшыларға қарыз. Олардың 11-і – жалақыны үш айдан астам уақыт бойы төлемегендер. Қарызы көп мекеме Қарағандыда тіркелген. Ол – 51 млн теңге қарызы бар "Отто-Сервис" кәсіпорыны. 
"Отто-сервис" компаниясы Қарағанды қаласында әскери қызметтерге көмек көрсеткен ресейлік кәсіпорын. Бұл бүгінде күрделі мәселе боп тұр. Мекеменің басшысы іздеуде жүр. Аталған жағдай бойынша Ресейге бірнеше мәрте хат жаздық. Қазіргі уақытта Ресей тарапымен келісімшартқа отырғалы жатырмыз. Онда осындай мәселелердің бәрі қамтылатын болады", – деді комитет төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу