51 мың адам зейнетақы жинағының бір бөлігін басқару компанияларына сеніп тапсыруға өтініш берген

108

Жалпы басқару компанияларына 60,7 млрд теңге аударылды. 

51 мың адам зейнетақы жинағының бір бөлігін басқару компанияларына сеніп тапсыруға өтініш берген Фото: naryk.kz

51 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқару компанияларына сеніп тапсыру бойынша өтініш берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 51 829 өтініш түскен. 60, 7 млрд теңге сомасына 45 104 сұранысы қанағаттандырылса, 6 617 салымшының  өтінішіне бас тартылды. Бұл туралы БЖЗҚ жариялаған есепте көрсетілген. 

Жалпы басқару компанияларына 60,7 млрд теңге аударылды. 36,8 млрд теңге қаражат (24 443 өтініш) Halyk Finance компаниясына, Jusan Invest-ке 11,3 млрд теңге (9 374 өтініш) аударылды. Бұдан бөлек қазақстандық салымшылар BCC Invest компаниясына 5,6 млрд теңгесін (4 872 өтініш), Halyk Global Markets-ке 5,2 млрд теңгесін (4363 өтініш),  "Сентрас Секьюритиз" компаниясына 1,9 млрд теңгесін (2052 өтініш) сеніп тапсырды.

Өңірлер бойынша салымшылардан ең көп өтініш Алматы, Астана қалаларынан және Атырау, Ақтөбе облыстарынан келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу