51 мың тонна қауын-қарбыз экспортталды

814

 51 мың тонна қауын-қарбыз экспортталды

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары жыл басынан бері Ресейге 51 мың тонна қауын қарбыз экспорттаған. Ал, Беларусь еліне 481 тонна, Латвияға 127 тонна жөнелткен. Өзге бақша дақылдары ел нарығында сатылуда. Өңірдің шаруалары бүгінде экспортқа жарамды қауын-қарбыздың неше түрлі сорттарын шығарып отыр. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналған. Облыстағы ең ірі агро аймақ болып саналатын Мақтаарал ауданының өзі биыл 24 мың гектарға өнім өсірген. Ондағы диқандар осы уақытқа 7,6 миллиард теңгенің қауын-қарбызын сатып үлгерген.

Марат Әбуов - Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: "Былтырғы жылмен салыстырғанда бақша өнімдері мың гектарға артық егілген. Тиісінше алып отырған өнім де орта есеппен әлі толық жинап болған жоқ, дегенмен гектарына 25-30 тоннадан өнім алып отыр."

Пазылбек Жарқынбеков, шаруа: "Өнім жақсы. Өнімі гектарына қарбыздардан 40-50 тоннадан алып жатырмыз. Алды 92 теңгеден өткіздік килограмын. Одан кейін 50-60, қазір 20 теңгемен 15 теңгенің арасында өтіп жатыр."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу